Қыз зорлаған «Тальго» жолсеріктері 5 жылға бас бостандығынан айрылды
Бүгін Қостанай қаласындағы № 2 облыстық сотының «Тальго» пойызында жолаушы әйелді зорлаған жолсеріктерге қатысты үкімі шықты
Қостанай облыстық сотының үкімі бойынша жолаушы әйелді зорлаған 2 пойыз жолсерігі 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылып, жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болды.
«Жетес Үмбеталиев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 2-бөлімі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық бұзықшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу мерзімі 2019 жылдың 20 шілдесінен бастап есептелсін. Құрманиязов Қолқанат Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлімі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық бұзықшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны өтеу мерзімі 2019 жылдың 20 шілдесінен бастап есептелсін», - деді судья Жасұлан Достияров.
Естеріңізде болса, былтыр қараша айында «Тұлпар-Тальго» пойызының екі жолсерігіне жолаушы әйелді зорлады деп айып тағылған еді. Ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан жәбірленуші купені іштен жауып, ұйықтап қалған. Жолсеріктердің бірі есікті қызметтік кілтпен ашып, ұйқыдағы қызды зорлап тастаған. Кейін купеге екінші ер адам (жолсерік - ред.) кіріп, қайта зорлаған.
Бұл оқиға «Не молчи» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Смайылованың әлеуметтік желідегі мәлімдемесінен кейін қоғамның назарын аударып, пойыз жолсеріктерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Күдікке ілінген «Тұлпар-Тальго» пойызының жолсеріктері осы оқиғадан соң қызметтен шеттетілді. Оларға қатысты қозғалған қылмыстық іс тергеу барысында Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлімі 1-тармағына (жабылып зорлау) өзгертілді.
19 шілдеде екі жолсерікке қатысты 2,5 және 2,3 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шыққан болатын. Алайда сот үкіміне екі тарап та қанағаттанбай, Қостанай облыстық сотына апеллияциялық шағым түсірді. Сосын бірінші сатыдағы соттың шешімі жойылып, іс қосымша тергеуге жіберілді.