Маңғыстауда Тоқаевқа үндеу жасаған жұмысшы әйелдердің талабы орындалды
Жұмысшылардың жалақысы өсетін болды
Еске салайық, 4 тамызда Маңғыстаудағы «Caspian Food» ЖШС ұжымы ереуілге шығып, Мемлекет басшысына видео-үндеу жолдады. Жұмысшы әйелдер жалақыны екі есеге көтеруді, радиация үшін қосымша ақы мен пайдалы азық-түлік, ал жылдың соңында 13-ші айлықты беруді талап еткен.
Lada.kz ақпараттық порталының хабарлауынша, 18-19 тамызда мердігер компания - «Caspian Food» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізген.
Келіссөз кезінде жалақыны көтеруге шешім қабылданған. Компания жұмысшылары тағы да видео-үндеу жолдап, компания басшылығына алғыс білдірді.
«Біздің талап-арызымыз бойынша бәрі оңынан шешілді. Барлығымыз ризамыз. «Caspian Food» мекемесіне және басшылығына талабымызды орындап, мәселемізді шешкені үшін алғысымызды айтамыз. "Caspian Food" мекемесі жасасын!», - дейді жұмысшылар.