$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.12.2019, 11:24
Қоғам

Қытайдан қашып келген Қайша Ақанды сот Қазақстанда қалдырды

Ол енді ҚХР-ге депортацияланбайды

Қытайдан қашып келген Қайша Ақанды сот Қазақстанда қалдырды

Қытай қазағы Қайша Ақан осыдан бір жарым жылдай бұрын шекараны жергілікті саудагермен бірге заңсыз кесіп өткен деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Өзінің айтуынша, осы күнге дейін оны ешқандай құқық қорғау органдары іздемеген.

Қайша Ақанның ісі бойынша сот отырысы кеше Панфилов ауданының орталығы Жаркент қаласында өтті. Түске дейінгі процесте прокурор Арзыгүл Имярова судьядан «қазақ-қытай шекарасынан рұқсатсыз өтті» деп айыпталған Қайша Ақанды кері қайтармай және бас бостандығынан айырмай, тек 6 ай пробациялық бақылаумен жазалауды ғана сұрады.

Жергілікті азаматқа тұрмысқа шығып үлгерген 43 жастағы Шыңжаң қазағының үстінен ҚР ҚК 392 бабы (Шекараны заңсыз кесіп өту) бойынша іс қозғалған еді. 2018 жылдың 7 мымырында Қорғас кеден бекеті арқылы өтіп, тек бір жылдан соң ғана пана сұраған азаматты бүгін судья Қазақстанда қалдыру туралы үкім шығарды.

«Қайша Ақан да бұған дейін Қытайдан қашқан Сайрагүл Сауытбай секілді келген. Бірақ ол Сайрагүлдің жағдайын көріп, бақылап отырғандықтан, уақытында ҰҚК-ға хабарламаған. Сауытбайды бірден қамап тастады. Ал, мен бұл іске басынан кіріскендіктен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Қайшаны қамамауды сұрап хат жаздым. Соның негізінде ол қамалған жоқ. Сот оны осында қалдырды. Қайша Ақанға қазір «Пана іздеуші» деген құжат алуға арыз бердік. Оны комиссия қарайды. Егер оң шешім шығармаса комиссияны сотқа береміз. Алда әлі азаматтық сот болады», - деді Айман Омарова.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары