$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.12.2019, 11:53
Қоғам

Шымкентте мемлекеттік кірістер басқармасының экс-қызметкері алаяқтық үшін сотталды

Сот үкімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Шымкентте мемлекеттік кірістер басқармасының экс-қызметкері алаяқтық үшін сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы жетекші маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас демқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Қаратау ауданы бойынша МКБ жетекші маманы Ш.Пернеевке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Ол ЖШС-нің басшысына тиесілі құны 5 млн. теңге тұратын «Тойота Лэнд Крузер 100» маркалы автокөлігін алдау арқылы ЖШС-ін банкрот деп тануға жәрдем көрсетемін деген сылтауымен иемденіп алған», - делінген хабарламада.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 23 желтоқсандағы үкімімен Ш. Пернеев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыруымен қатар 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Серіктес жаңалықтары