$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2021, 15:42
Қоғам

Атырауда ЖШС қызметкерлері тағы да облыс әкімдігінің ғимараты алдына жиналды

Оларды облыс әкімі қабылдайды деген уәде берілді

Атырауда ЖШС қызметкерлері тағы да облыс әкімдігінің ғимараты алдына жиналды
фото: azh.kz

16 тамызда «Global Stroy Astana» ЖШС-ның 20 шақты қосалқы мердігері осымен үшінші рет облыс әкімдігі ғимаратының алдына жиналып, жұмыс үшін төлемеген ақшаны талап етті. Бұл шаруашылыққа қатысты дау жергілікті билікті алаңдата бастады, деп хабарлайды azh.kz.

Бұл жолы Атырауға компания басшысы Нұрлан Мазғали келді, алайда, осы дауды реттеуге тырысқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов орнында болмады. Жиналғандарға оның қазір іссапарда екенін айтты.

Біраз уақыттан кейін облыс әкімінің өзі қабылдағанын талап еткен кәсіпкерлерге Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Игілік Әубәкіров, «Арал Сервис» ЖШС заңгері Нұрлан Оразғалиев, бас мердігер «Gaz stroy montazh KZ» ЖШС Атырау филиалының басшысы Батыр Ибраев пен Нұрлан Мазғали шықты. 

Әңгіме «қосалқы мердігерлерге маңдай термен тапқан ақшасын қашан береді?» деген тақырып төңірегінде өрбіді. Нұрлан Мазғали бұл мәселені алдымен бас мердігер «Gaz stroy montazh KZ» мен мердігер «Арал Сервис» компаниясымен шешу керек деп жауап берді. Батыр Ибраев, өз кезегінде, алдымен «Құлсары-Теңіз су құбырының құрылысы» жобасында туындаған түсінбестікті анықтау керек деп жауап берді, өйткені ол жерде бір уақытта екі мердігер қатар болған және іс жүзінде жұмысты нақты кім орындағаны түсініксіз. Қазір бұл мәселе экономикалық сотта қарастырылуда.

Содан кейін шерушілерге түстен кейін оларды облыс әкімі қабылдайды деген уәде берілді. Бірақ кейін болған жиналыста әкімнің орынбасары Бекенов болған.

Серіктес жаңалықтары