18.08.2021, 15:32
Қоғам
Елордада жаңа қоғамдық көлік бағдары ашылады
Жаңа бағдар «Үркер» тұрғын үй алабына дейін барады
көрнекі сурет
19 тамыздан бастап Елордада жаңа № 45 қалалық бағдар іске қосылады. Бұл туралы CTS баспасөз қызметінен хабарланды.
Жаңа бағдар Алаш тас жолындағы «Орда базар» базарынан бастап «Үркер» ТА» дейін қатынайды.
Бағдар Алаш тас жолы – Бөгенбай батыр даңғылы – Республика даңғылы – Қабанбай батыр даңғылы- Сарайшық көшесі - Мұхамедханов көшесі - Ш. Айтматов көшесі - Қорғалжын тас жолы - ары қарай «Үркер» тұрғын үй алабы арқылы өтеді.
Бағдардың қозғалыс сызбасымен суреттен қарап, таныс бола аласыздар.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды