09.08.2021, 16:44
Қоғам
Қазақстанда әуе жолаушыларының салмағы өлшене бастады
Салмақ өлшеу процедурасы билет құнына әсер ете ме?
көрнекі фото
9 мен 31 тамыз аралығында Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшып шығатын, 18 жастан асқан әуе жолаушыларына ерікті түрде салмақ өлшеу қызметі ұсынылады. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметінен хабарланды.
Air Astana хабарлағандай, салмақ өлшеу процедурасы билет құнына еш әсер етпейді және бұл ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында ғана өткізіледі.
Ұшар алдында салмақ өлшеу IATA (Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының) ережелеріне сәйкес, әуе көлігі балансын анықтау үшін статистикалық деректерді жинау мақсатында өткізіледі.
Салмақ өлшеу рейске тіркеу өткізілгеннен кейін арнайы дайындалған орында болады. Ерлер мен әйелдер бөлек өлшенеді.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады