ШұғылСоңғы бір аптада коронавирустан 54 қазақстандық қайтыс болды

Қазақстанда 4,5 мың лифт ауыстыруды, 1,6 мың лифт жөндеуді қажет етеді

«Ofe Co., Ltd» компаниясы Қазақстанда лифт орталығын салу үшін 7-8 млн доллар бөлуге дайын

Фото: zakon.kz

Оңтүстік Кореяның «Ofe Co., Ltd» компаниясы Қазақстанда лифт орталығын салуға дайын екенін айтқан. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Компанияның бас директоры Хам Ен-Чхер қазақстандық тарап жобаны қолдаған жағдайда бастаманы іске асыру үшін 7-8 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлуге дайын екенін жеткізді.

«Айта кететін жайт, шетелдік компания («Ofe Co., Ltd» - ред.) Алматы облысында лифт өндірумен айналысатын «LGS Elevator» қазақстандық-корей кәсіпорны үшін бөлшектер мен жинақтауыштарды жеткізуші. Сондай-ақ, компания өкілдері Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын шығару бағытында да бірлесе әрекет етуге ниетті екендіктерін де жеткізді», - дейді министрлік хабарламасында.

Қазір көпқабатты тұрғын үйлерде пайдаланылып жатқан 24 025 лифт бар екен: жолаушыларға арналған - 23 547 лифт, жүк тасуға әрі жолаушыларға арналған 478 лифт бар. Жұмыс жағдайында қолданылатын 13 863 лифт болса, соның ішінде 1 684 лифт жөндеуді қажет етеді, 4 478 лифт толықтай ауыстыруды қажет етеді.