06.08.2021, 14:56
Қоғам
Қарағанды облысында мектеп оқулықтарын қайта басып шығаруға 1,7 млрд теңге бөлінді
Оқулықтарды тасымалдау жұмысы 25 тамызда аяқталады
көрнекі фото
Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова оқушыларды 100% тегін оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша нендей жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.
Басқарма басшысының айтуынша, бірінші кезекте 2-11 сынып оқушыларына мектеп қорындағы оқулықтар таратылды.
Сондай-ақ, биыл 1-сынып оқушылары үшін қайта басып шығарылатын жаңа оқулықтарға және 2-11 сыныптар үшін тозған оқулықтарды алмастыруға қосымша тапсырыс берілді. Ол үшін 16 баспамен 1 млрд 766 млн теңгеге шартқа отырып, облыс бойынша 5 тасымалдаушы анықталған.
Оқулықтардың алды 30 шілдеде облысқа жеткізілген. 5 тамызда екінші партиясын қабылдап алған. Оқулықтарды тасымалдау 25 тамызда аяқтауды жоспарланып отыр.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды