$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.07.2021, 12:15
Қоғам

БҚО-да ауыл әкімі жергілікті тұрғынның ар-намысын таптаған

Сол үшін ол қатаң сөгіс алды

БҚО-да ауыл әкімі жергілікті тұрғынның ар-намысын таптаған

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылының әкімі Бейбіт Аманғалиев жергілікті тұрғынның ар-намысын таптағаны үшін жазаланды деп хабарлайды «Мой ГОРОД» ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің БҚО бойынша департаментіне қарасты Әдеп жөніндегі кеңес ауыл әкімінің мәселесін күн тәртібінде қарады. Белгілі болғандай, ведомствоға Таңжарықова деген әйел шағымданып келіп, ауыл әкімінен балағат сөздер естігенін, ар-намысы тапталғанын айтқан.

«Ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде әкім Бейбіт Аманғалиев пен Таңжарықованың арасында ұрыс болған. Біраз уақыт өткен соң әкім өзге адамға WhatsApp мессенджері арқылы дыбыстық хабарлама жіберіп, онда Таңжарықованың ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтқан. Кейін бұл аудиохабарлама Таңжарықованың қолына түседі. Ол дереу шағымданып келді», - дейді Әдеп жөніндегі кеңестің бас маманы Дәурен Хаиров.

Бейбіт Аманғалиев мемлекеттік қызметте 11 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол өз қателігін мойындаған, бірақ ауыл тұрғынын ренжіткісі келмегенін айтып кешірім сұраған.

Әдеп кеңесінің мүшелері Бейбіт Аманғалиевке қатаң сөгіс беру туралы ортақ шешімге тоқтады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#БҚО #әдеп кеңесі