ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 870 мыңнан асты

Шымкенттегі ковид-ауруханаға 1 млн теңге жалақыға дәрігер іздеп жатыр

Мегаполис бойынша 2 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, ауруханада жатыр

Ковидтік орталықта жұмыс істейтін дәрігер-реаниматолог керек, айлығы бір миллион теңге. Шымкенттің денсаулық сақтау басқармасының басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына осындай хабарландыру берді. Сонда бұл қалада медицина мамандары тапшы ма?

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы «Астана» телеарнасының осынау сауалына жауап берді.

«Шымкентте 15 мыңнан аса медицина қызметкері бар. Медицина мамандары жеткілікті. Бұл жерде жекеменшік орындардың клиникасы. Олар кез келген айлықты жоғарғы айлықты қоя алады. Не үшін? Жалпы, жекеменшік болсын мемлекеттік болсын олар Шымкент қаласының тұрғындарын емдеп жатыр», - деді басқарма басшысы.

Мегаполис бойынша 2 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып ауруханада жатыр. Жансақтау бөліміне түскендердің саны 300-ден көп.