23.07.2021, 09:32
Қоғам
Қазақстанда карантин кезінде туу көрсеткіші күрт өскен
Соңғы үш тоқсан бойы өсім байқалып келеді
Фото ашық дереккөзден
2021 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда 100,5 мың сәби дүниеге келген. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен көрсеткіштердің бірі деп жазады Ranking.kz. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсім 8,4%-ды құраған.
Салыстырар болсақ, 2020 жылдың алғашқы тоқсанында елімізде 92,7 мың бала дүниеге келген. 2019 жылы – 91,9 мың.
Жалпы, еліміздегі бэйби-бум соңғы үш тоқсаннан бері жалғасып келеді. 2020 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың отбасында 116,7 мың сәби туса, төртінші тоқсанында 111,7 мың бала дүние есігін ашыпты. 2020 жылы Қазақстанда барлығы 425 мың бала дүниеге келген. Бұл 2019 жылдағы көрсеткіштен 6 пайызға көп.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)