ШұғылҮкімет тамызда карантиндік шектеу шараларын күшейтеді

Елбасы Әбсаттар Дербісәлінің туған-туыстарына көңіл айтты

Экс-мүфти 74 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Елбасы белгілі ғалым, қоғам қайраткері Әбсаттар Дербісәлінің өмірден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты деп хабарлайды Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбсаттар қажы Бағысбайұлы саналы ғұмырын ғылым жолына, діни ағарту саласына арнаған парасаты биік, пайымы жоғары, ақжарқын азамат болғанын атап өтті. Жеделхатта көрнекті дінтанушының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы қызметін атқарған кезде мүфтият жұмысын жаңа деңгейге көтеруге, елімізде дінаралық татулық пен ұлтаралық келісімнің нығаюына зор үлес қосқаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев  Әбсаттар Дербісәлінің ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.