ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

Астанада тіс емханасы қайтыс болған қыздың анасына 11,5 млн теңге берді, әйел оларды кешірді

Адам өліміне қарамастан стоматология лицензиясынан айырылмай, жұмысын жалғастыра беретін болды

Нұр-Сұлтандағы «Doctor Bro» стоматологиясына барғаннан кейін комаға түсіп қайтыс болған төрт жасар қыздың ата-анасы клиникаға ешқандай шағымы жоқ екенін әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

«Біз Алисаның ата-анасы – Зеленый Александр және Зеленая Анастасия «Доктор БРО» (Классик-Ара ЖШС) клиникасы мен дәрігерлеріне қатысты ешқандай шағымымыз жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз. Аталған клиниканың басшылығы мен дәрігерлері біз моральды өтемақы ретінде талап еткен 26,5 миллион теңгені төлеуді жалғастырып жатыр. Бүгінгі таңда 11,5 миллион теңге төленді. Татуласу туралы келісім кезінде 8 миллион теңге төленді. Біз осы уақытқа дейін қолдау көрсеткен баршаңызға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта аталған мәселені көтергіміз келмейді», - деп жазған Алисаның анасы.

Бүгінгі таңда атауын Babyshark деп өзгерткен клиника өз жұмыстарын жалғастыруда. 23 маусымда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қыздың ата-анасының дәрігерлерге наразылық білдірмеуіне байланысты стоматология лицензияны қайтарып алды деген еді.

Айта кетсек, тісін емдетуге барған Алисаға қате ем жасалып, 2019 жылдың желтоқсан айында комаға түскен еді. Тыныс алуы қиындаған соң жасанды желдету аппаратына қосылған. Бір жарым жыл комада жатқан бүлдіршін 2021 жылдың 21 маусымы күні №2 қалалық клиникада көз жұмды.