ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда локдаун енгізіле ме?

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті локдаун туралы ақпаратқа жауап берді

көрнекі фото

Қазақстандықтар елде локдаун енгізілетіні туралы ақпаратты бөлісуде. Желі қолданушыларының айтуынша, Қазақстан КВИ таралу қарқыны бойынша қайтадан «қызыл» аймаққа енген, сондықтан қалалар арасындағы қозғалысқа тыйым салынды.

«Бұл ақпарат - жалған. Бүгінде кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Олар сауда орталықтарының, дәмханалардың, барлардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктердің дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және т.б. қатысты. Ел аумағында локдаун енгізілмейді. Қалалар арасындағы ұшулар мен жерүсті қалааралық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Блок-посттар қойылмаған», – деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Коронавирустың таралу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «қызыл» аймаққа енді. «Сары» аймақта – Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Маңғыстау облыстары. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.