29.06.2021, 13:54
Қоғам
Қазақстанда 1,8 мың адам КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген - ІІМ
Құжатсыз жүрген 4686 адам анықталды
көрнекі сурет
ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов Қазақстанда 4,5 мыңнан астам адамның құжатсыз жүргені анықталғанын мәлімдеді.
«Қазақстанда құжатсыз жүрген 4686 адам анықталды. Олар негізінен Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында тұрған. Бүгінде құжатсыз осы азаматтардың 3408-не жеке куәлік берілді. Ал қалған 1278 адамды құжаттандыру жұмысы жүріп жатыр», - деді ІІМ өкілі ОКҚ-да өткен брифингте.
Сабыржан Сейтжановтың айтуынша, 1 797 адамның КСРО-ның қызыл паспортымен жүргені белгілі болған.
Еске салайық, Қазақстанда 2020 жылдың қазанынан бастап азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтап, оларды құжаттандыру бойынша акция жүріп жатыр.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
22.10.2026, 16:24
«Мына нанды жеп қойсаң, сеспей қатып өлесің»: «Бурабай» шипажайы тегін емделіп жатқан қарияларға көгерген нан берген (ФОТО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды