$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2021, 16:26
Қоғам

Алматыда тағы бір тұрғыннан коронавирустың үнді штамы анықталды

Олармен байланыста болған адамдарға қатысты әлі ақпарат жоқ

Алматыда тағы бір тұрғыннан коронавирустың үнді штамы анықталды
көрнекі фото

Кеше Алматы қаласында коронавирустың мутацияға ұшыраған «Дельта» штамы 37 жастағы әйелден анықталғаны хабарланды. Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали бүгін 8 жастағы баладан үнді штамы анықталғанын мәлім етті.

Айуынша, қауіпті вирус жұқтырғандар Саялы жұқпалы аурулар ауруханасында орналасты. Олармен байланыста болған адамдарға қатысты әлі ақпарат жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, «дельта» штамы алғаш рет 2020 жылы қазан айының басында Үндістанның Нагпур қаласында анықталды.

«Дельта» штамы аса контагиозды және анықталған штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60%-ға жоғары. Қазіргі айналымдағы штамдар 1 адамнан орта есеппен 3-4 адамға таралатын болса, бұл штамм 5-6 адамға бірден жұғады және 7 күнге созылатын қысқа инкубациялық кезеңмен сипатталады.

Серіктес жаңалықтары