$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2021, 15:53
Қоғам

БҚО-да ата-аналар пандемия кезінде оқушыларға берілген планшеттерді ломбардқа өткізген

Келітірілген шығын сот тәртібімен өтелген

БҚО-да ата-аналар пандемия кезінде оқушыларға берілген планшеттерді ломбардқа өткізген
көрнекі фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысында жағдайы төмен отбасындағы ата-аналар қашықтан оқыту мақсатында оқушыларға үлестірілген планшеттерді ломбардқа өткізген. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазды mgorod.kz.

Облыстық білім басқармасының даму орталығы директорының орынбасары Ардақ Еркамешева былтыр оқу жылының басында оқушылардың білім алуына арналған 14 970 ноутбук пен планшет сатып алу үшін республикалық бюджеттен 2 миллиард теңге (4,6 миллион доллар) бөлінгенін хабарлады.

Орталық өкілінің айтуынша, оқу маусымы аяқталғанда үлестірілген құралдар кері қайтарылған, бірақ 83-і жұмыс істеуге жарамсыз күйде болған. Көп жағдайда плашетке зақым келген: техниканы құлатып алған немесе оған су төгілген.

«Жағдайы төмен отбасындағы ата-аналардың планшетті ломбардқа өткізгені де анықталды. Мұндай фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот тәртібімен келтірілген шығын көлемі өтелді», - деді Ардақ Еркамешева.

Серіктес жаңалықтары