ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

ДДСҰ балалар мен жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауға рұқсат етті

Балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда COVID-19 инфекциясын жеңіл өткеретіні айтылған

көрнекі фото

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы балалар мен жасөспірімдерді коронавирусқа қарсы вакциналауды құптады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

Жаңа ұсынымда балалар мен жасөспірімдер ересектерге қарағанда COVID-19 инфекциясын жеңіл өткеретіні жазылған.

Құжатқа сәйкес, егер балалар қауіп тобына жатпаса, оларды егде жастағы адамдарға, созылмалы аурулары бар адамдарға және денсаулық сақтау қызметкерлеріне қарағанда жедел түрде вакцинациялау қажет.

Еске салайық, 23 маусымда ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға вакцина салу мәселесіне қатысты жауап берді.

«QazVac вакцинасын балаларға салу бойынша клиникалық зерттеу жүргізілген жоқ. Еліміздегі заңнама бойынша балаларға клиникалық зерттеу жүргізуге тыйым салынады. Басқа вакциналарға қатысты айтар болсам, біз қазір қосымша жүргізіліп жатқан зерттеулердің нәтижелерін күтудеміз. Вакцинаны жасап шығарушылар балаларға вакицнаны салу жөніндегі қажетті деректерді бергеннен кейін бұл мәселені өз елімізде қарастырамыз және тиісті шешім қабылдаймыз», - деді министр.