21.06.2021, 13:47
Қоғам
Қазақстанда 20 мыңға жуық нашақор есепте тұр
Бұл өз келісімімен тіркеуге тұрғандар ғана
Фото: ашық дереккөзден
Елімізде 20 мыңға жуық нашақор есепте тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал шынайы көрсеткіш одан да жоғары болуы мүмкін. Бұл жөнінде Есірткі қылмыстарына қарсы күрес департаменті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді. Оның айтуынша, 18 миллион халқы бар Қазақстан үшін бұл өте қауіпті көрсеткіш. Сондықтан, оның алдын алуға бағытталған шаралар күшейтілді. Мәселен, синтетикалық заттар айналымына байланысты 526 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Есірткі тарататын 740 сайт бұғатталды.
«Есірткі қылмысына қарсы тұру, жауапкершілікті күшейту полиция қызметінің маңызды бағыты болып қала береді»,– деді полиция поковнигі.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды