$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.06.2021, 20:02
Қоғам

Биыл елордада 2 мыңнан астам үлескердің проблемасы шешіледі

Соңғы 1,5 жылда қалада проблемалы құрылыс нысандарының саны екі есеге қысқарған

Биыл елордада 2 мыңнан астам үлескердің проблемасы шешіледі

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған үйлердің бірқатары биыл берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Құрылысы ұзаққа созылған үйлердің ар жағында мыңдаған адамның тағдыры тұрады. Үлестік құрылыс нысандарындағы жағдай әртүрлі: бір жерде құлап, қирау қаупіне байланысты тұрғын үй кешендерін бұзып, қайта салып жатырмыз, бір жерде құжаттар дұрыс болмады, екі-үш есе сату фактілері анықталды. Бірінші кезекте ұзақ салынған нысандарға техникалық аудит жүргізу қажет болды, өйткені бәрінен де үйлердің қауіпсіздігі: іргетастың беріктігі, сол үйде тұратын адамдардың амандығын ойладық.

Бүгін үлескерлер саны 2 мыңнан астам отбасын құрайтын қаланың ең проблемалы құрылысының барысымен таныстым. Бұл – «Шығыс» тобының бірнеше тұрғын үй кешенінен тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлер. Аталған ұзақ уақыт салынған үйлердің құрылысын «өлі нүктеден» жылжыту үшін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді: қаржы бөлінді, техникалық, қаржылық аудит жүргізілді, ТК барлық блоктарына мердігерлер анықталды.

Мысалы, 1А және 1В блоктарында қасбеттік жұмыстар жүргізілді, терезелер мен лифтілер орнатылды. Инженерлік желілер жүргізілді. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру жұмыстары басталды.

2А және 2В блоктарында үйдің қаңқасы толықтай жасалды. Мысалы, 2А блокта үйдің қаңқасы нөлдік циклден көтерілді. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің шатырын салу жұмыстары жүргізілді, қазір терезелер мен лифтілерді орнату жұмыстары басталды.

3А және 3Б блоктарында үй шатырлары мен қаңқасы бойынша осыған ұқсас жұмыстар жүргізілді. Терезелер, лифтілер орнатылады.

4А блогында (1-кезек) монолитті жұмыстар, тас қалау, терезелерді орнату, сондай-ақ қасбеттік жұмыстар жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарын аяқтап, тұрғын үй кешенінің бұрын аталған блоктарын ағымдағы жылы пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

Бір жарым жылдың ішінде (2019 жылдың жазынан бері) ұзақ салынып жатқан үйлердің саны 2 еседен астам азайды. Биыл 50-ден аса көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде тағы 7 мыңнан астам үлескерлер өз пәтерлерінің кілтін алады. Мұндай әр нысан бойынша мұқият есептелген іс-шаралар жоспары жасалған», — деп жазды елорда әкімі.

Серіктес жаңалықтары