10.06.2021, 16:50
Қоғам
Қазақстандықтар үшін шет елге шығуға тыйым салынғанын тексере алатын қосымша іске қосылды
Қосымшаны тегін пайдалануға болады
Көрнекі фото: ашық дереккөзден
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды Е-Salyq-Azamat мобильді қосымшасын тегін пайдалануға шақырады.
Бұл сервис азаматтарға шетелге шығар алдында Е-Salyq-Azamat мобильді қосымшасында шығуға тыйым салу бойынша борышкерлер тізілімін қарау арқылы өздерін тексеруге мүмкіндік береді.
Сот орындаушылары борышкерлер тізіліміне шектеулер қою арқылы бюджет алдында 40 айлық есептік көрсеткіштен астам қарызы бар жеке тұлғаларға елден тыс жерлерге шығуды шектейді.
«Мобильді қосымшаға кіру үшін, Сіздің деректеріңіздің қауіпсіздігі мақсатында, Сіздің ұялы телефон нөміріңіз мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) ЖСН нөміріңіздің тіркелуі қажет», - деп түсіндірді МКК-де.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды
27.08.2026, 12:54
Қостанай облысында 16 жұмысшы қаза тапты: олардың өлімі неге есепке алынбай қалған
28.08.2026, 00:29
МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгенің негізсіз төлемі төленбей тұрып анықталды