$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.06.2021, 16:36
Қоғам

1,4 трлн теңге: Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану бойынша 313 мың өтініш мақұлданды

Елімізде 1 млн-ға жуық салымшы зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады

1,4 трлн теңге: Қазақстанда зейнетақы жинағын пайдалану бойынша 313 мың өтініш мақұлданды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

2021 жылдың бастап Қазақстан азаматтарына зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеуге немесе жеке компаниялардың басқаруына беруге пайдалану мүмкіндігі берілді. Бүгінге дейін зейнетақы жинағын пайдалану бойынша 1,4 трлн теңгеге 313 мың өтініш мақұлданды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов есептік кездесуінде мәлім етті.

«Елімізде 1 млн-ға жуық салымшы зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады. 4 маусымдағы жағдай бойынша 1,4 трлн теңге сомасына біржолғы зейнетақы төлемдеріне 313 мың өтініш мақұлданды», - деді министр.

Еске сала кетейік, 16 мың қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдаланып, ипотекалық қарызын толық өтеген.

47 133 қарыз алушы жалпы сомасы 144 миллиард 53 миллион теңге болатын тұрғын үй ипотекалық қарыздарының бір бөлігін өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлем жүйесін пайдаланды.

8 889 қарыз алушы банктерден жалпы сомасы 150 миллиард 361 миллион теңге болатын тұрғын үй ипотекалық қарыздарын алу үшін алғашқы жарна ретінде біржолғы зейнетақы төлемі қаражатын пайдаланды.

Серіктес жаңалықтары