ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Мәскеу мейрамханаларында вакцина салдырғандар үшін «жасыл» аймақ құру ұсынылды

Путин екпе салдыруды міндеттеуге қарсы

көрнекі фото: moscowseasons.com

Ресей президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы вакцина салуды міндеттеуге қарсы шығып, адамдар вакцина алудың қажеттілігі мен маңыздылығын өздері түсінуі керек екенін атап өтті. Путиннің пікірінше, ресейлік вакцинаның денсаулыққа қауіпсіздігі және қандай да бір ауыр асқынуға әкелмейтіндігі дәлелденген. Ресейде коронавирусқа қарсы 25 миллионнан астам вакцина салынды, 10 миллионнан астам адам вакцинаның екі дозасын алды.

Путин инфекцияның таралу қаупін азайтудың және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың ең дұрыс және өркениетті жолы вакцинация екенін атап өтті.

Ресейде вакцина салдырған адамдар үшін мейрамханаларда коронавирусқа қарсы «жасыл» аймақтар құру ұсынылды. Атап айтқанда, Мәскеу мэрі Сергей Собянин мейрамханаларда екпе салдырған адамдар ғана кіре алатын «қауіпсіз аймақ» құруды ұсынды. Ол кәсіпкерлермен кездесу барысында бір жыл ішінде ел астанасына келетін туристердің саны күрт азайғандығын, бұл бизнес үшін проблемаға айналғанын атап өтті.

ДДСҰ деректері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 167 миллионнан астам адамды құрайды, шамамен 3,5 миллион адам қайтыс болды.

Сондай-ақ коронавирустың «үнді» штамы кем дегенде әлемнің 53 елінде ресми түрде расталды. Бейресми мәліметтерде коронавирустың бұл түрі тағы жеті елде анықталғанын көрсетеді. ДДСҰ жаңа штамм 60 мемлекетте таралды деп болжап отыр.