$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2021, 10:10
Қоғам

«Жасыл» аймақтағы өңірлер саны сегізге жетті

«Қызыл» аймақта тұрған бес өңір бар

«Жасыл» аймақтағы өңірлер саны сегізге жетті
Коллаж

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

27 мамырдағы мәлімет бойынша, «қызыл» аймаққа енген бес өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

 «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 30 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың 11 724-і стационарда, 19 148-і амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирус пен КВИ пневмониясына шалдыққандардың арасында:

  • 682 адамның жағдайы ауыр;
  • 166 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 100 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Серіктес жаңалықтары