$ 502.89  527.03  5.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2021, 16:51
Қоғам

Аида Балаева намазхандар арасында вакцинация қалай жүріп жатқанын айтты

Ақпарат және қоғамдық даму министрі халық алдында есеп беріп жатыр

Аида Балаева намазхандар арасында вакцинация қалай жүріп жатқанын айтты
Фотоколлаж

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халық алдындағы есептік кездесуінде намазхандар арасында короавирусқа қарсы вакциналау жұмыстарының қалай өтіп жатқаны туралы сұрақтарға жауап берді.

«Әрине, бұл тек медициналық мәселе, сол себепті оған діни тұрғыдан қараудың қажеті жоқ. Маңыздысы, біз вакцинацияның бұл жағдайдан шығудың жалғыз жолы екенін түсінуіміз керек», - деді ол.

Министр вакциналау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қалай жүріп жатқанына бағасын берді.

«Бұл тұрғыда ҚМДБ бізге жақсы көмектесіп жатыр. Басқарма вакцинациялауды тікелей эфирде өткізіп, жақсы үлгі көрсетті. Әрине, адамдарды бөлуге болмайды. Вирусты жеңу үшін вакцинациялау, денсаулығымыз бен басқалардың денсаулығы үшін жауапкершілікті сезіну маңызды екенін түсінуіміз керек. Тек осы жолмен біз вирусты жеңіп, қалыпты өмірге ораламыз», - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, бұған дейін мамандар коронавирус вакцинасы ауыз бекіткен адамның оразасын бұзбайтынын мәлімдеген еді.

Серіктес жаңалықтары