ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 943 адамнан вирус анықталды

Елордадағы бірқатар тұрғын үй кешенінде ауыз су уақытша тоқтатылады

Ауыз су сумен жабдықтау жүйесінің маңызды бөліктерін ауыстыруға байланысты тоқтатылады

Фото: ашық дереккөзден

Елордадағы бірнеше тұрғын үй мен нысандарда дәнекерлеу жұмыстарына және сумен жабдықтау жүйесінің маңызды бөліктерін ауыстыруға байланысты ауыз су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Елорда инфоға сілтеме жасап. 

«Астана су арнасы» Тәуелсіздік даңғылындағы 21/1 үйде жоспарланған жөндеу жұмысына байланысты ауыз су беру 10 желтоқсанда сағат 23:00-ден 11 желтоқсан таңғы 06:00-ге дейін тоқтатылады», - делінген хабарламада.

Мына даңғыл бойындағы тұрғын үй кешендерінде су берілмейді. Тәуелсіздік даңғылы 12, 12/1, 12/2, 14, 14/1, 14/2, 1, 1/1, 3/1, 16-үй; Жалайыри көшесі 1, 3, 5; Саргүл көшесі 7; Шарль де Голль көшесі 13; Тасшоқы көшесі 1, 2; Романтикова көшесі 27. 

Тұрғын үйден басқа нысандар: Тәуелсіздік даңғылы 10, 16/1, 18/1, 18, 20/1; Тәуелсіздік даңғылы 14/3, № 21 «Гүлдер» балабақшасы.