Студенттер 2020 жылдан бастап қанша шәкіртақы алады?

Azattyq Rýhy

2020 жылдың қаңтарынан бастап орта буын мамандарының шәкіртақысы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге дейін

Фото: ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері студенттердің 2020 жылдан бастап қанша шәкіртақы алатынын айтты, - деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың қаңтарынан бастап орта буын мамандарының шәкіртақысы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге дейін, ал жоғарылатылған шәкіртақы 19 272 теңгеден 24 090 теңгеге өседі. Сондай-ақ, келесі жылдың қаңтарынан бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, магистратурадағы шәкіртақы 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге өссе, докторантурада оқитындардың шәкіртақысы 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге өседі», - деді Білім және ғылым министрлігіндегілер. 

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық студенттердің шәкіртақысын өсіруді тапсырған болатын. 

Тегтер:
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Алматыда биыл 93 «ақылды» бағдаршам іске қосылады
Экс-депутат Камал Бұрханов өмірден озды
Түркістанда жаңа бағдарлама: жағдайы өте төмен отбасыға ай сайын 27 мыңнан беріледі

Сұхбат
Абайдың 45 сұрағына белгілі режиссер, жазушы Ермек Тұрсынов жауап берді
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат