$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2019, 14:32
Қоғам

Қазақстанда жұмысқа мұқтаж адамдардың саны өскен

Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ЕАЭО елдері арасында тек Қырғызстанның алдында тұр

Қазақстанда жұмысқа мұқтаж адамдардың саны өскен
Фото: Kazakh-tv.kz

Қазақстанда жұмыс іздеуші азаматтардың қатары бір жыл ішінде 16,5%-ға артты. Бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің арасында жоғары көрсеткіш. Бұл туралы LS хабарлайды. 

2019 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанның жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелгендердің саны 165,8 мың адамға жеткен. Өткен жылдың сәйкес мерзіміне бұл көрсеткіш 142,3 мың болған. Осылайша, елімізде жұмысқа мұқтаж адамдардың саны бір жылда 16,5%-ға көбейіп отыр.

ЕАЭО статистикасына сүйенсек, жұмыс іздеушілердің көбеюі бойынша Қазақстанның алдына тек Қырғызстан шыққан. Қырғызстанда бір жылда жұмысқа мұқтаж азаматтардың қатары 70,1 мыңнан 83,3 мыңға өскен (18,8%). Ал, Ресейде жұмыс сұраушылардың саны 645,4 мың адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артқан.

ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерде бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда азайған. Арменияда былтыр 65,6 миың болса, биыл 61,9 мың (5,6% төмендеген), Беларусь елінде 14,3 мыңнан 10,9 мыңға азайған (23,8% төмендеу).

Серіктес жаңалықтары