$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2019, 11:37
Қоғам

«Ұлттық тестілеу орталығы» директорының орынбасары параға «Toyota camry» алған

Сот үкімімен Жақсыбеков 7 жылға бас бостандығынан айырылды 

«Ұлттық тестілеу орталығы» директорының орынбасары параға «Toyota camry» алған
Фото: 1009.testartwell.ru

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Д.С. Жақсыбековке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

«Жақсыбеков «ProBusineSS.kz» ЖШС директоры С.А. Панкеевтен құны 8,8 млн. теңге болатын «Toyota camry» маркалы автокөлігін пара ретінде алды деп күдіктенген, аймақтарда аталған ЖШС-нің ҰБТ өткізу кезінде қызмет көрсету бойынша мүддесін қорғағаны үшін»,- делінген хабарламада.

Биыл 9 желтоқсанда Нұрсұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен Жақсыбеков пара алды деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Серіктес жаңалықтары