$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2019, 11:51
Қоғам

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару: бес өңірге 1,6 млрд теңге бөлінді

Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың ең көп бөлігі Павлодар облысына бағытталған

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару: бес өңірге 1,6 млрд теңге бөлінді
фото: zaleskiy.com

«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жобаға сәйкес, аймақтарға өз еріктерімен қоныс аударатын жандарға мемлекеттік қолдау көрсету үшін 1,6 млрд теңге бөлінді. Мұндай өңірлердің саны – бесеу. Бұл туралы LS хабарлайды.

Республикалық бюджеттен қолдау ретінде Павлодар облысына 702,4 млн теңге, ал Солтүстік Қазақстан облысына 382,2 млн теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Қостанай облысына 256,8 млн теңге, ШҚО-ға 237,1 млн теңге және Ақмола облысына 24 млн теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, тың бизнес идеяларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен мемлекеттік гранттарға үш есе көп қаражат бөлінед. Оның ішінде - жастарға, аз қамтылған көп балалы отбасылардың мүшелеріне, аз қамтылған еңбекке жарамсыз мүгедектерге 4,6 млрд теңге. Бұл мақсатта ең көп қаржы алатын Қызылорда облысының азаматтары - 873,5 млн теңге.

Сондай-ақ жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына 12 млрд теңге бөлінді, оның 3 млрд теңгесі Түркістан облысына, 1,2 млрд теңгесі Қызылорда облысына.

Серіктес жаңалықтары