ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстан автокөліктерге электрондық құжат ресімдеуден не ұтады?

Сәуірден бастап Қазақстанда «Көлік құралдарының электрондық паспорты» ұлттық жүйесі іске қосылды

Фото: ашық дереккөзден

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сәуірден бастап Қазақстанның барлық аумағында «Көлік құралдарының электрондық паспорты» ұлттық жүйесін іске қосты. Электрондық құжат меншік иесінің қалауы бойынша жаңа және әкелінетін автомобильдерге, тіркелген автомобильдерге ресімделеді.

Көлік құралдарын цифрландыру оны тек Қазақстанда ғана емес, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында да қадағалауға мүмкіндік береді.

Электрондық паспорттарда көлік құралының техникалық сипаттамасы, меншік иесі туралы, тіркеу іс-әрекеттері туралы, шектеулер мен ауыртпалықтар туралы, алымды кәдеге жарату төлемдері туралы, кедендік шектеулер мен кедендік тазарту туралы мәліметтер, жол-көлік оқиғалары туралы, техникалық байқаудан өту туралы мәліметтер болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Коняшкин Ростиславтың айтуынша, цифрлық құжат көлік құралдарын сатудағы алаяқтық жағдайлар санын азайтады. Осылайша, қазіргі және болашақ автокөлік иелері мәміленің қауіпсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді.

«ЕАЭО орталық базасында тексеру есебінен қайталанатын шарап-кодтарды анықтау мүмкіндігі пайда болады, бұл халықты проблемалы автомобильдерді сатып алудан сақтандыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Коняшкин Ростислав.

Көлік құралы туралы шынайы ақпараттың болуы ЕАЭО қатысушы елдердің бүкіл аумағындағы автокөлік иелері үшін автомобильді сату немесе сатып алу процесін неғұрлым қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетер жайт, жоба ЕАЭО елдері қол қойған көлік құралы паспортының бірыңғай нысандарын енгізу туралы келісімді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылды.