$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.12.2019, 10:21
Қоғам

Шымкентте білім басқармасының қызметкері алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Сот үкімімен оған 3 млн теңге айыппұл салынды 

Шымкентте білім басқармасының қызметкері алаяқтық жасағаны үшін сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бұдан бұрын жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Ж.Д.Базарова ұсталған болатын. Бүгінде оған қатысты тергеу ісі аяқталып, сот үкімі шықты.

«Ол орта мектептің білім жөніндегі меңгерушісіне мектеп директорының лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруға жәрдем бергені үшін оның 400 мың теңге қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденген», - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен Ж.Д.Базарова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 3 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары