$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.04.2021, 14:53
Қоғам

Медсақтандыру қоры арқылы АИТВ-тен тегін ем алуға болады – дәрігер

МӘМС пакетіне қандай диагностикалық қызметтер кіреді? 

Медсақтандыру қоры арқылы АИТВ-тен тегін ем алуға болады – дәрігер
көрнекі сурет: АИТВ-ға шалдыққан алматылық

Статистикалық мәліметтерге сенсек, Қазақстанда иммун тапшылығы вирусына (ВИЧ) шалдыққан 31 400 адам бар. Ал ресми тіркелгендер саны – 23 317 адамды құрайды. Өткен жылдың қазан айынан бастап АИТВ жұқтырған науқастар қымбат диагностикалық сараптамаларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы тегін ала алады. 

Бұған дейін де АИТВ жұқтырғандар мемлекет тарапынан тегін емделетін, ал, МӘМС пакетіне қандай диагностикалық пакеттер кіретінін Azattyq Rýhy тілшісіне Алматы қаласы ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының емдеу және алдын алу бөлімінің бөлім меңгерушісі Айгерім Ахметова айтып берді.

МӘМС пакетіне қандай диагностикалық қызметтер кіреді?   

- Қазір Алматы қаласы ЖИТС орталығында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемімен 3300-ге жуық адамға АИТВ инфекциясына қатысты арнайы нақты талдау жасап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде. Сондай-ақ, аталған науқастар емді амбулаториялық түрде қабылдайды. Мемлекет ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмек алу үшін әрбір ҚҚР азаматы жергілікті емханаға тіркелуі қажет және өзін растайтын құжаты болу міндетті (жеке куәлік), адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған барлық жас тобындағы науқастар, қатынаста болған адамдар емделеді. МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі бар адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде кеңейтілген медициналық көмекке қол жеткізе алады.

МӘМС пакетіндегі сақтандыруға келесі медициналық қызметтер кіреді: консультациялық-диагностикалық көмек, ересектер мен балаларды профилактикалық тексеру, бағасы қымбат диагностикалық қызметтер, ТМККК пакетіне енбеген сырқаттарды амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ТМККК пакетіне кірмейтін сырқаттарға жоспарлы стационарлы, стационарды алмастыратын көмек көрсету кіреді, - деді маман.

Қай жылдан бастап МӘМС арқылы АИТВ-дан емделуге болады?

– АИТВ инфекциясымен науқастар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) бойынша медициналық көмек және ем алады. Егер де науқаста басқа да қосымша аурулар болса, МӘМС арқылы жергілікті емханадан ем қабылдайды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы ҚР 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексіне (19-тарау. 2-параграф) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған және (немесе) жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС) ауыратын науқастарға тегін медициналық көмек көрсетіліп, дәрі-дәрмекпен де тегін қамтамасыз етіледі (антиретровирусты терапия). Мемлекет ТМККК шеңберінде тегін медициналық көмекке кепілдік береді, - деді Айг​ерім Ахметова​​​​​​

НАУҚАСТАРДЫҢ 71%-ы ВИЧ-ТІ КЕЗДЕЙСОҚ ЖҰҚТЫРҒАН 

Нұр-Сұлтан қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Сәбит Бекмағанбетұлының айтуынша, 2020 жылдың 8 айында Нұр-Сұлтан қаласында ВИЧ инфекциясын жұқтырған 159 адам тіркелген. Жалпы алғанда, 1997 жылдан бастап бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1887 жағдай анықталған. Сондай-ақ жұқтырғандардың дені - ер адамдар.

– АИТВ инфекциясын жұқтыратындардың көбі - ер адамдар. Мәселен, 2020 жылдың 8 айында ерлердің үлесі - 74,8% (119), әйелдердің үлесі 25,2% (40) болды. Осы аралықта 14 жасқа дейінгі балалар арасында бірде-бір жағдай тіркелмеген, ал 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің үлесі 0,6% (1 жағдай). Аурулардың 67%-дан астамы репродуктивті 20-39 жас аралығындағылар. 71%-дан астамы серіктесімен жыныстық қатынас кезінде қорғаныс құралдарын пайдаланбаған. Дәлірек айтсақ, 14,5% гомосексуалды қатынас арқылы, 41% коммерциялық серіктеспен жыныстық қатынасқа түскен кезде, 18% ВИЧ-позитивті адаммен, 3,5% инъекциялық есірткі тұтынатын адамдармен жыныстық қатынас кезінде жұқтырған. Яғни, жастар арасында қауіпті жыныстық мінез-құлық пайда болған. Сонымен қатар, инъекциялық есірткіні қолдану арқылы парентеральды жолмен де өсу тенденциясы байқалады, - деп нақты деректерді келтірді.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары