ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Шетелден келетін қазақстандықтар ПТР-анықтамасыз ұшақ бортына отырғызылмайды

Бұрын бұл талап тек шетелдік азаматтарға міндеттеліп келген еді

көрнекі фото

ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері - Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес, енді теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама ұсынбаған жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызылмайды.

Осылайша шетелден Қазақстанға келетін рейстерге қатаң шектеу қойылды. Бұған дейін ПТР-анықтама тек Қазақстанға келетін шетелдік азаматтарға міндеттелсе, енді бұл ереже шетелден келетін барлық азаматтарға қатысты болмақ. Әдеттегідей анықтама үш күнге (72 сағат) жарамды.

«Карантиндік шараларды күшейту туралы шешімдерді облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлері, ҚР Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының басшылары қабылдайды. Карантиндік шараларды босаңсыту туралы шешімді қалыптасып жатқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдайды», - делінген қаулыда.

Еске сала кетейік, 12 сәуірде Қазақстанға шетелден келген 3661 жолаушының 21-інде ПТР-анықтама болмаған.