ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Жамбыл облысында марихуананың заңдастырылғаны рас па?

Заңнамаға енгізілген тиісті өзгертулер ағымдағы жылдың сәуір айында күшіне енеді-мыс

көрнекі фото

Қазнетте Жамбыл облысы аумағында марихуананың заңдастырылғаны туралы ақпарат тарады. Ақпаратқа сәйкес, заңнамаға енгізілген тиісті өзгертулер ағымдағы жылдың сәуір айында күшіне енеді-мыс.

Бұл хабарлама биыл 12 сәуірде Instagram желісіндегі @vtvs_taraz  атты парақшада жарияланған. Жазбада жаңалықтың әзіл екенін білдіретін түрлі хэштегтер көрсетілген. Алайда, Қазнет қолданушылары ақпаратты желіде хэштегін, жарияланған уақытын көрсетпей таратып жатыр.

Желіде тараған ақпаратты Жамбыл облыстық полиция департаментіндегілер жоққа шығарды.

«Жамбыл облысының полиция департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. «Есірткі құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлары және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» ҚР заңына сәйкес, елімізде каннабистік топтағы есірткі құралдарын пайдалануға толық тыйым салынған», – делінген хабарламада.

1 сәуірдегі жазбаның қалжың екенін авторлардың өздері де растады. Олар парақшадағы түпнұсқа жазбаны өшіріп, оны теріске шығаратын пост жариялады. Олар оқырманның көңілін көтермек болғанын және тиісті хэштегтерді белгілегенін айтып, пікір қалдырған.