$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.04.2021, 11:55
Қоғам

Тапанша үшін - 100 мың теңге: Қазақстанда заңсыз қару-жарақты қайтару акциясы басталды

Оған республикалық бюджеттен 95 млн теңгеден астам қаражат бөлінді

Тапанша үшін - 100 мың теңге: Қазақстанда заңсыз қару-жарақты қайтару акциясы басталды
көрнекі сурет

Ішкі істер министрлігі 20 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған қау-жарақтарды сатып алу бойынша акцияны бастады. Акцияны өткізуге республикалық бюджеттен 95 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.

Қағидаларға сәйкес, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірген азамат кез келген аумақтық полиция органына өтініш береді. Ерікті түрде тапсырғандар үшін материалдық өтемақы мөлшері қарудың түріне, оның техникалық жағдайына байланысты және 30 мыңнан 300 мыңға дейін бағаланады, әр бірлігі үшін (10 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін).

Сыйақы мөлшерін әр облыстық, қалалық және аудандық полиция органдарында құрылатын комиссия анықтайды.

Мәселен, автоматты ойық қару үшін - 290 мың теңге, ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін осы соманың жартысы төленуі мүмкін.

Тапанша мен револьвер үшін - 100 мың теңгеге дейін, тегіс ұңғылы мылтық ары кетсе 90 мың теңгеге бағалануы мүмкін.

Комиссия төлем мөлшерін анықтау барысында қарудың техникалық жай-күйін ескереді және өтемақы тиісті санат бойынша беріледі.

  • 1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100%-ы, 2-санатқа төлем ұсынылатын құнының 70 %-ы, 3-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 30%-ы есебінен жүргізіледі.
  • 1-санаттағы қаруға – пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару не бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақауы жоқ, тауар қалпын жоймаған қару жатады.
  • 2-санаттағы қаруға – одан әрі пайдалануға кедергі болмайтын, жекелеген техникалық ақауы немесе тауар қалпына байланысты ақауы бар қару жатады.
  • Жөндеуге жарайтын, зақымдап алудан немесе жоғалғаннан болған ақауы бар қару да 2-ші санатқа жатады.
  • 3-санаттағы қаруға – техникалық ақауына байланысты пайдалануға жарамсыз немесе пайдалануға қауіпті, жөндеуге, қалпына келтіруге жарамсыз қару жатады.

Сыйақы төлеу мерзімі – 1 ай.    

Қолдан жасалған оқ-дәріге, сондай-ақ тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қару патрондарына сыйақы төленбейді.

«Заңсыз қару-жарақтың көбі – мұраға қалған, не тауып алған немесе оларды тіркеу бойынша шектеуді енгізгенге дейінгі сатып алынған қарулар. Мәселен, қарулар 1974 жылға дейін малшыларға аңдардан қорғану үшін есепсіз таратылған», - дейді Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитетінің бөлім басшысы Асылбек Ыдырысов..

Антиквар және тарихи құндылығы бар қару криминалистикалық бөлімшелердің заттай коллекциясына немесе Ішкі істер министрлігінің музейіне берілуі мүмкін.

Мәселен, ШҚО-да 2012 жылы ерікті түрде тапсырылған ҰОС кезінен қалған 12,7мм калибрлі «Никонов-Семенов-Владимировский-Танковый» маркалы танк пулеметі.

2013 жылы Семей қаласында 1882 жылы шығарылған Итальяда шығарылған 32 калибрлі «ВЕТТЕРЛИ-ВИТАЛИ» винтовка және «ЛЕФОШЕ» жүйесінің револьвері тапсырылды.

Сондай-ақ, агенттік жұмыстарға арналған 1936 жылы шығарылған калибрі 6,5 мм «ТОЗ» ойық ұңғылы тапаншасын азаматтар тапсырды.

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары «ПИСТОЛЕТ-ПУЛЕМЕТ ШПАГИНА» тапсырған.

Павлодар облысында 1891 жылы шығарылған «Фролов» конструкциясының тегіс ұңғылы атыс қаруының кесіндісі өз еркімен тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары