24.11.2025, 11:59
Жаңалықтар
Алдағы үш күнде ауа райы жылы болады – «Қазгидромет»
Синоптиктердің болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
«Қазгдиромет» РМК алдағы үш күнде ауа райы жылы болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биылғы күз қазақстандықтарды жылы ауа райымен қуантуды жалғастыруда. Қараша айының соңына қарамастан, Қазақстанның оңтүстігінде жылы әрі шуақты ауа райы сақталады, күндіз ауа температурасы +13…+18°С аралығында болжанады.
«Солтүстік өңірлердің тұрғындарын жауын-шашын күтіп тұр. Солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның солтүстік жартысы арқылы жылдам жылжи отырып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, желдің күшеюі және көктайғақ құбылыстарын әкеледі. Алайда температуралық фон біршама қолайлы болып сақталады: түнде -0…-5°С, күндіз 0…+5°С күтіледі», – делінген синоптиктердің болжамында.
Көп оқылған
22.11.2026, 08:33
Елордада тұмау жұқтырғандар көбейді: науқастар арасында балалар мен жүкті әйелдер бар
22.11.2026, 16:07
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
22.11.2026, 10:40
Ақтөбе облысында көліктің барлық түрі үшін жол ашылды
22.11.2026, 13:15
СҚО-да жабылған тасжолдардағы қозғалыс қайта ашылды
