$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.04.2021, 11:57
Қоғам

Жерді шетелдіктерге бермеу мәселесіне нүкте қойылды – Ералы Тоғжанов

Заң жобасының бірінші оқылымы Мәжілісте 7 сәуірде өтеді

 

Жерді шетелдіктерге бермеу мәселесіне нүкте қойылды – Ералы Тоғжанов

Жер реформасы жөніндегі комиссияның екінші отырысында комиссия төрағасы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылданын айтты.    

«25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу туралы саяси шешімі арнайы заң жобасы ретінде Парламенттің қарауына 12 наурызда енгізілді», - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Заң жобасының бірінші оқылымы Мәжілісте 7 сәуірде өтеді.

«Көпшілік арасында, әсіресе әлеуметтік желілерде әлі де жекелеген түсініспеушіліктер таралып жатыр. Жалған қауесетті әдейі таратушылар да жоқ емес екенін айтуымыз керек. Сондықтан тағы бір нақтылап айтамын: жердің шетелдіктерге берілмейтіні жөнінде нақты шешім қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қоғам тарапынан көтеріліп отырған негізгі мәселелер бойынша түйінді шешімін айтып, нүктесін қойды. Қазіргі таңда комиссия алдында ауылшаруашылығы саласындағы жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу міндеті тұр», - деді ол.

Бірінші отырыс барысында комиссия мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныс айтылды. Атап айтқанда, барлығы 55 ұсыныс түсті, оның ішінде 15-і құқықтық, 29-ы экономикалық сипаттағы ұсыныстар және 11-і ұйымдастырушылық сұрақтарға қатысты.

«Барлық ұсыныстар жұмыс топтарында комиссия мүшелерінің, жауапты мемлекеттік органдардың, сала мамандарының қатысуымен жан-жақты қаралды», - деді Ералы Тоғжанов.

Серіктес жаңалықтары