Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан соң вакцина алады – маман жауабы
Вакцинация қалалық емханаларда, ауруханалар мен медорталықтарда жүргізіліп жатыр
Коронавирустың ауыр түрімен ауырғандарға жазылғаннан кейін алты айдан соң вакцинациялану керек. Мұндай ұсынысты Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдіктің баспасөз сілтеме жасап.
Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-брифинг барысында Әсел Қалықова коронавирусқа қарсы вакцинация алар алдында скринингтен өтудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Бірақ жеңіл формамен ауырған науқастар вакцинацияны жазылғаннан кейінгі 2-4 аптадан бұрын алмау керек екенін есте ұстауы тиіс. Ал инфекцияның орташа немесе ауыр түрмен ауырып жазылған адамдарға сауыққаннан кейін 6 айдан соң алу қажет.
Бұл ретте уақытша егу пункттері белгіленген стандарттарға сәйкес келуі тиіс, бұл дегеніміз, кабинетте вакцинация алатын адам туралы мәліметтерді деректер базасына енгізу үшін компьютер болуы тиіс, сондай-ақ пациентті тексеруге, қысымды өлшеуге арналған орын, вакцинация жүргізуге арналған бөлме және вакцинациядан кейінгі кабинет болуы тиіс, вакцинацияланған адам рәсімнен кейін 30 минут бойы осы кабинетте болуы тиіс.
Әсел Қалықова егу кабинетінде медицина қызметкері мен егілушіден басқа бөтен адамдар болмауы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ, эпидемиолог коронавирусқа қарсы вакцинаның әр ампуласы 5 адамға арналғанын айтты, сондықтан оны қажетті адамдар жиналғаннан кейін ғана еріту керек.
«Вакцина өте сезімтал, сондықтан ампулада мұз болмауы және вакцина түсін өзгертпеуі үшін ерігенін күту қажет», — деді Қалықова.
Әзірге вакцинация қалалық емханаларда, ауруханаларда және медициналық орталықтарда жүргізіліп жатыр.