$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2019, 10:30
Қоғам

Арабтар қолдан аштық ұйымдастырып, қазақтардың балаларына дейін зәбір көрсетті - сотталушы

Сириядан қайтарылған қазақтар бастан кешіргенін сотта жылап тұрып жеткізді

Арабтар қолдан аштық ұйымдастырып, қазақтардың балаларына дейін зәбір көрсетті - сотталушы

Сириядан қайтарылып, сотталып жатқан қазақтар ондағы көргенін сотта жылап тұрып жеткізді.Қазақтарды «аджам», яғни «араб еместер» деп шетке тепкен. Айтуларынша, арабтар алдап, қолдан аштық ұйымдастырып, тіпті балаларына дейін зәбір көрсеткен, деп хабарлайды КТК арнасы.

«Көшелерде, базарларда «аджам», «араб емес» деген сөздерді көп естуші едік. Алайда ол сөздердің мағынасы терең екенін мен кеш түсіндім. Біз, аджамдар, көбісі аш жүргенде, қолдарында қойманың тамағын таратпай, сатпай, жолын, яғни азықтүлік жолын жабылатынын бізге, аджамдарға хабарламай, өтірік айтып, ашық болады деп, тосын аштыққа ұшыратты» - дейді сотталушы Аманжол Жансеңгіров.

Көрген қиындығын баяндап тұрған Аманжол Жансеңгіров 7 жыл дегенде «Жусан» операциясымен елге оралып отыр. Сотталушылар бүгін соңғы сөзін айтып болды. Сириядан қайтып оралып, соты өтіп жатқан 14 қазаққа прокурорлар 10-нан 17 жылға дейін сұраған еді. Енді сот үкім шығаруы керек. Бәрі де айыбын ішінара мойындап, жазасын өтеуге дайын. Дегенмен соттан жеңіл жаза беруін сұрайды. Елге қайтқанына қатты қуанғандары қамауда жатып шығарған өлеңдерін оқыды. Тіпті толқып, көз жасына да ерік берді.  

 «Асқар тау әкем! Мәпелеген анам! Ақ сүттеріңді ақтай алмағаныма мені кешіріңдер»- деді сотталушы. 
 

Серіктес жаңалықтары