$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2019, 05:37
Қоғам

Жамбыл облысында үй кезегінде жоқ адамдар баспаналы болған

Пәтер алған кейбір азаматтың 2017 және 2018 жылдардағы кезек тізімінде болмағаны анықталды

Жамбыл облысында үй кезегінде жоқ адамдар баспаналы болған

Кезектегілердің тізімін тексеру кезінде 2017-2018 жылдардағы кезек тізімінде жоқ адамдардың пәтер алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015-2016 жылдары облыс орталығында кезектегілер үшін салынған тұрғын үйлер болмағандықтан, мемлекеттік қордан кезектегі азаматтарға баспана берілмеді. 2017 жылы мемлекеттік қордан бөлінген пәтерлерге 160, 2018 жылы 80 отбасы орналастырылды. 2019 жылы 140 отбасы пәтер алды.

«Кезектегілердің тізімін зерделеу кезінде ағымдағы жылдың 3 мамырында пәтер алған кейбір азаматтың 2017 және 2018 жылғы кезек тізімінде болмағаны анықталды. Мысалы, толық емес отбасы санатындағы Ш.Азизова, жетімдер санатындағы А.Топоровская мен Д.Дәулетбаева», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, 2016 жылғы 30 қыркүйекте кезекке тұрған С.Сегізовке (2017 ж. кезек реті – 1570, 2018 ж. – 1533) де 3 мамыр күні пәтер берілсе, осы санаттағы және осындай отбасы құрамымен (5 адам) 2016 жылғы 29 қаңтарда кезекке тұрған Ш.Саитханов (2017 ж. – 1468, 2018 – 1432) мемлекеттік қордан баспана алмаған.

Серіктес жаңалықтары