$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.12.2019, 04:19
Қоғам

Өскемендік полицейлер мастарды үйіне тегін жеткізіп жатыр

Жергілікті айықтырғышқа отбасынан қашып, есін жинауға өздері келетіндер де бар көрінеді

Өскемендік полицейлер мастарды үйіне тегін жеткізіп жатыр

Өскеменде полиция қызметкерлері ішімдікке сылқия тойғандарды үйлеріне тегін жеткізіп тастауға мәжбүр. Тіпті, жақындарының қолына табыстап кетеді екен. Өйткені, шаһардағы айықтыру мекемесінде бос орын жоқ көрінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Көшеден, қоғамдық орындардан мас күйде табылған адамдар жеткізіледі. Орталықта орын болмаған жағдайда оларды үйлеріне апарамыз», – дейді Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының рота командирі Бейбіт Мұсақанов.

Жергілікті айықтырғыш 20 адамға ғана арналған. Күніне ішімдік ішкен 90 адам жеткізіледі. Сонымен қатар, отбасынан қашып, есін жинауға өздері келетіндер де бар көрінеді. Бірақ олардың бәрін қамап, жақындарының келуін тосып отыруға мүмкіндік жоқ. Сондықтан полиция қызметкерлері медициналық тексеруден өтіп болғандарын үйіне өздері апарып тастауда.

Дегенмен, қолға түскендердің әрқайсысына әкімшілік айыппұл салынатынын ескертеді. Бірінші рет ішімдік ішіп ұсталғандар 5 мың теңге, ал екінші рет қайталағандар 10 мың теңгеден айыппұл төлеуге міндеттеледі.

 

 Дереккөз: КТК арнасы

Серіктес жаңалықтары