$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.12.2019, 23:58
Қоғам

Пәтер кезегінен шығарылған жалғызбасты ана елордалық басқарманы сотқа берді

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде арыз берушінің жалғызбасты ана әрі екінші топтағы мүгедек екенін дәлелденген

Пәтер кезегінен шығарылған жалғызбасты ана елордалық басқарманы сотқа берді

Елордада жалғызбасты ана тұрғын үй кезегінен шығарып тастаған Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының үстінен сотқа арызданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотта анықталғандай, О. есімді азаматша елорда тұрғыны ретінде тіркеуде болмауына байланысты тұрғын үй комиссиясының 2019 жылдың 4 ақпанындағы шешімімен, коммуналдық қордан баспанаға мұқтаждар тізімінен шығарылған. Алайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде арыз берушінің жетім әрі жалғызбасты ана, сондай-ақ екінші топтағы мүгедек екенін дәлелденген.

«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заң нормаларына сәйкес, аталған санатқа жататын адамдарды мұқтаждар тізімінен алып тастауға болмайды», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотынан.

 Есіл аудандық соты әйелдің талаптарын толық қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Серіктес жаңалықтары