12.03.2021, 14:30
Қоғам
Түркия мен Египеттен келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды
Олардың үшеуі Шарм-эль-Шейх қаласынан, бірі Анталиядан ұшып келген
көрнекі фото
11 наурызда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАЭ, Египет, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 21 халықаралық әуе рейсімен 3 мыңға жуық жолаушы келді. Олардың арасында 2 334 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 631 ҚР азаматында тиісті анықтама болмаған.
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 10 рейс (1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 081; анықтамасыз – 239);
- Алматы әуежайына – 8 рейс (1 320 жолаушы, анықтамамен - 1 023, анықтамасыз – 297);
- Орал әуежайына – 2 рейс (199 жолаушы, анықтамамен - 104; анықтамасыз – 95);
- Шымкент әуежайына – 1 рейс (барлық 126 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 10 наурызда елге ПТР-анықтамасыз келген 374 ҚР азаматының төртеуінен коронавирус анықталды: үш жолаушы Шарм-эль-Шейх қаласынан (Египет) Ақтөбе әуежайына, бір жолаушы Анталиядан (Түркия) Алматы әуежайына келген.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 16:05
ТЖМ тікұшағы нәрестені Қызылордаға жеткізді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды