Нұр-Сұлтанда табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табыс етілді – Еңбек министрлігі

Бұл шара Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды 

Нұр-Сұлтанда табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табыс етілді – Еңбек министрлігі
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласындағы табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттары табыс етілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 наурыз Алғыс айту күніне орай ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) қызметкерлері республика астанасында тұратын табысы аз отбасыларға сыйлық сертификаттарын табыс етті. 

Мереке күні Еңбекминінің кәсіподақ мүшелері Нұр-Сұлтан қаласында тұратын атаулы әлеуметтік көмек алатын 8 табысы аз отбасына барып, оларға «Magnum» сауда желісінің дүкендерінен азық-түлік сатып алу үшін сыйлық сертификаттарын табыс етті. 

Естеріңізге сала кетейік, Алғыс айту күні 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген болатын. Бір жыл бұрын, Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясында Елбасы Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынды және бұл күні еліміздің түрлі этностарының өкілдері Қазақстанға жер аударылған жылдары төзімділік пен қонақжайлық көрсеткені үшін қазақтарға және бір-біріне алғыс айта алатынын атап өтті. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.