ШұғылКоронавирус және пневмония: өткен тәулікте 102 адам көз жұмды

Шымкентте кезекті той тоқтатылды

Тойхана мен той иесіне қатысты жинақталған құжат тиісті шара қолдану үшін басқармаға жолданды

скриншот: youtube

Шымкент қаласы Полиция департаментінің өкілдері жүргізген рейд барысында Қазығұрт мөлтек ауданында орналасқан «Бақыт Сарай» тойханасында қала тұрғындары салтанатты жиын өткізіп жатқаны анықтады.

Карантин талаптарын бұзып, жиын өткізіп жатқан азамат пен нысан иесіне қатысты Әкімшілік кодекстің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша тиісті шара қолдану үшін жинақталған іс-құжаттар Абай ауданы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Шымкенттік полицейлер тұрғындарды карантин кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, адамның көп шоғырлануына жол бермеуге шақырды.