$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2021, 14:40
Қоғам

Несие тарихы нашар салымшыларға бір реттік зейнетақы төлемі беріле ме?

Бұл сұраққа «Отбасы банк» басшысы жауап берді

Несие тарихы нашар салымшыларға бір реттік зейнетақы төлемі беріле ме?
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова журналистердің «Несие тарихының нашар болуына байланысты салымшыларға зейнетақы жинағы берілмеуі мүмкін бе?» деген сұрағына жауап берді. 

«Несие тарихының осалдығы бір реттік зейнетақы төлемін беруден бас тартуға себеп болмайды. Бұл бір-біріне байланысты жағдай емес. Ал, қаражат сіздің арнайы шотыңызға түскеннен кейінгі мақсат - жаңа ипотекалық несие алу болса, онда сіз екінші деңгейлі банктердің қызмтін өзіңізге ең қолайлы жағдай бойынша қарастырасыз. Дәл сол кезде көбі (банктердің) сіздің қарыздарыңызды бұған дейін қалай төлегеніңізді талдауы мүмкін», - деп түсіндірді ол.

Ләззат Ибрагимова бұл жағдайға қатысты өзі басшылық ететін «Отбасы банктің» саясаты қандай екеніне тоқталды.

«Өтінім берерден бір күн бұрын басқа банк алдындағы мерзімі өтіп кеткен несиені жапсаңыз, біз екінші деңгейлі банктермен қарым-қатынасыңызға қарамаймыз. Біз қарызды төлегеннен кейін жаңа проблемалық қарыздар туралы басқа жағдайлар болмас үшін үш ай күтеміз. Сіз басқа банктегі қарызыңызды төлегеннен кейін 90 күн өткен соң, сіздің несие тарихыңызда мәселе туындамайды», - деп қосты Ләззат Ибрагимова.

Серіктес жаңалықтары