$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.02.2021, 15:20
Қоғам

Австрияда маска тақпағандар 90 еуро айыппұл төлейді

Елде FFP2 типті маска кию міндетті

Австрияда маска тақпағандар 90 еуро айыппұл төлейді
Фото: РИА Новости

Австрияда «масканың жоқтығы және қоғамдық орындарда қашықтықты сақтамағаны үшін» айыппұл 90 еуроға дейін өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі Карл Нехаммер мәлімдеді.

Дәл осы айыппұл мөлшері күні кешеге дейін 25 еуроны құраған. Ал 25 қаңтардан бастап қоғамдық орындарда FFP2 типті маска кию міндетті болды.

«Айыппұлдар каталогы айтарлықтай өсуде. Егер мұрын мен ауыздан қорғаныс болмаса, яғни FFP2 типті маска немесе қашықтықты сақтамасаңыз, айыппұл 90 еуро болады»,-деді Нехаммер баспасөз мәслихатында.

Австрия канцлері Себастьян Курц дүйсенбіде 8 ақпаннан бастап қатаң шектеу шараларын жеңілдететінін мәлімдеді. Белгілі бір жағдайларда дүкендерге, мұражайларға, хайуанаттар бағына, шаштараздарға ашылуға рұқсат етіледі.

Серіктес жаңалықтары