ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

Өткен жылы 5,5 млн құқықбұзушыға айыппұл салынды

54 млрд 886 млн теңге өндірілді

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

2020 жылы шамамен 7 млн әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Бұл туралы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ел бойынша 5,5 млн құқықбұзушыға 80 млрд 499 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза қолданылды, оның 54 млрд 886 млн теңгесі өндіріліп алынды.

Сонымен қатар, 3,4 млн айыппұлдың көп бөлігі алғашқы 7 тәулік ішінде 30,2 млрд теңге сомасында 50% жеңілдікпен төленді. Өткен жылы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу көрсеткіші 68%-ды құрады.

Ең көп айыппұл Алматы қаласында салынған. 1,6 млн құқық бұзушыға 16,4 млрд теңге айыппұл салынып, оның 10,6 млрд теңгесі төленді.

Екінші орында – Нұр-Сұлтан қаласы. 1 млн құқықбұзушыға 13,5 млрд теңге айыппұл салынып, 9 млрд теңге өндірілді.

Ең азы - Солтүстік Қазақстан облысы, 73 мың айыппұл салынып (1,4 млрд теңге), оның 891 млн теңгесі өндірілді.

Ішкі істер органдары барлығы 5,3 млн құқықбұзушыны (52 млрд теңге сома) жауапкершілікке тартты, оның ішінде мемлекет бюджетіне 35,2 млрд теңге түсті.